Адам саудасына қатысы бар екі қылмыстық топ құрықталды

Ел аумағында адам саудасына байланысты қылмыстарға қатысы бар екі қылмыстық топ құрықталды. Олар әлеуметтік желі арқылы әртүрлі жыныстық қанауға қатысты заңсыз қызмет түрлерін жарнамалаған. Нәтижесінде олардың күнделікті табысы 1,5 млн теңгеге дейін жеткен. Жүргізілген тінту барысында ақша, банк карталары, автокөліктер, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық ақпарат тасымалдағыштар тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды. Айта кетейік, адам саудасына қатысты елімізде 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған. Ішкі істер министрлігі осыған ұқсас қызмет түрлерін заңсыз пайдаланушыларға қатысты іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.