Алматыда көшеде масаң күйде жатқан жасөспірімдердің бейнежазбасы көпшіліктің үрейін ұшырды

Әлеуметтік желіде Алматының қақ ортасында көшеде масаң күйде жатқан жасөспірімдердің  бейнежазбасы тарады. Видеодан кәмелет жасына толмағандардың есін білмей, есеңгіреп отырғаны байқалады. Оларға дер кезінде тәртіп сақшылары медициналық көмек көрсеткен. Қазіргі таңда жасөспірімдердің қалай алкоголь тұтынғаны, кіммен бірге болғаны және спирттік ішімдікті қайдан алғаны анықталуда.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жасөспірімдер мен олардың заңды өкілдеріне қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды, қоғамдық орында мас күйінде жүру және ата-аналық міндеттерді тиісінше орындамау деректері бойынша. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр.