Енді банк шотын басқа біреуге берген адам қылмыскер атанады

Енді банк шотыңызды басқа біреуге берсеңіз қылмыскер атанасыз. Ішкі істер министрлігі  заңнамаға өзгеріс енгізді. Бұдан былай банктік деректерді өзге біреумен бөлісуге қатаң тыйым салынады. Талап орындалмаса азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл - интернет алаяқтармен күресу үшін қабылданған шара. Соңғы кездері желі арқылы өзінің құйтырқы әрекетін жүзеге асыратындар көбейді. Министрлік мұндай қылмысты азайту үшін карта номерін ешкімге айтпауға кеңес береді.