Трамп Палестинаның тәуелсіздігіне қарсы

Трамп Еуропамен келісімге келді. Ең жақын одақтастар арасында «Сауда соғысы» болмайды. Енді Кәріқұрлықтан Америкаға жөнелтілген тауарларға 15 пайыз ғана құн салығы қосылады. АҚШ Президенті Шотландияда демалысын өткізіп жатып та халықаралық түйткілді мәселелерді шешудеі. Тіпті, Еурокомиссия төрайымымен келіссөз жүргізіп, сауда ережелерін бекітті.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бүгін біз тарихта болмаған керемет шарт жасастық. Достар ретінде, бір-бірімізді әбігерге салмай, келісімге келгеніміз керемет. Қос тараптың да терезесі енді тең болды деп санаймын.

Газа секторына гуманитарлық көмек әуемен жеткізіле бастады. Иордания мен Біріккен Араб Әмірліктері бірегей операция жүргізді. Екі елдің әскери әуе күштерінің ұшақтары парашют арқылы азық-түлік түсірген. Ал, Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху болса, халықаралық пропоганда өтірік айтып жатыр, ешқандай аштық жоқ, - дейді. Алайда, Израиль азық-түлікті тек өткен аптада ғана жеткізгені баршаға мәлім.

БИНЬЯМИН НЕТАНЬЯХУ, ИЗРАИЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Халықаралық қауымдастық алдында Израиль зұлым күш ретінде көрсетіліп жатыр.Бұл – нағыз өтірік. Біз әскери операция басталғалы бері гуманитарлық көмек көрсетіп келеміз. Газада ешқандай аштық жоқ. Біз көмектеспесек, Газада қазір тірі жан қалмайтын еді. Дегенмен, азық-түліктің көп бөлігін ХАМАС тартып алып жатыр. Олар өз халқын аштыққа душар етті.

Ал, Трамп Палестинаның тәуелсіздік алуына қарсы. Өткен апатада Франция Президенті Эммануэль Макрон Палестинаның тәуелсіздігін ресми мойындаймын, - деп айтқан еді. Тіпті, жайдан-жай емес, БҰҰ Бас Ассамблеясының күздегі жиынында мәлімдеймін, - деді.Бірақ, оған жауап ретінде АҚШ Президенті Шотландияға жолға шықпай тұрып, «түкке керек емес» , - деп сын айтты.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Макрон жақсы жігіт. Ортақ мүддені де түсінеді. Білікті саясаткер. Бірақ, бұл тақырып туралы сөзін, құлағыма да ілмеймін. Болмайтын нәрсені сандырақтады бұл жолы. Ара-тұра қуып тұрады енді. Шындыққа тура қарау керек.

Естеріңізге сала кетсек, алдыңғы Президенттік мерзімінде Трамп, Палестинаның тәуелсіздігін мойындауға әзір еді. Тіпті, 50 млрд доллар инвестиция құямын деген. Алайда, бір шарты болды. Ол үшін Палестина жерінің жартысынан және киелі Йерусалимнен бас тартуы тиіс болды. Бірақ, оған Палестина келіспеді.