Магистратураға үміткерлердің жартысы шекті балл жинай алмады

Тестілеу басталғалы 22 мыңға жуық адам магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу тапсырды, деп хабарлайды Astana TV.

Нәтижелерге сүйенсек: Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша түсушілердің тек 50%-ы шекті балл жинаған.

Бейінді бағыт бойынша бұл көрсеткіш 22%-ды құрады.

Ғылыми-педагогикалық бағыттағы орташа балл — 77,

Бейінді бағыт бойынша — 24 балл.

Ең жоғары нәтиже — 139 балл.

Сонымен қатар, тестілеу кезінде ереже бұзушылықтар да тіркелді:

32 адам смартфон, шпаргалка және өзге де тыйым салынған заттарды алып өтпек болғаны үшін тест тапсыру құқығынан айырылды.

21 адам тестілеу кезінде тәртіп бұзып, аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды.