АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орын алған қарулы шабуыл салдарынан кемінде бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Astana TV.
CBS News мәліметінше, оқиға кезінде бір полиция қызметкері мен оның әріптесі оққа ұшып, қаза болған. Тағы екі бейбіт тұрғын ауыр жарақат алды. Тергеу барысында шабуылдаушының өз-өзіне қол жұмсағаны анықталған.
Қазіргі уақытта оның бұл әрекетке бару себептері нақтылануда.
Алдын ала ақпарат бойынша, оның психикалық саулығында қиындықтар болған.