Қазақстандық жоғары оқу орындарын бітірген түлектердің 30 пайыздан астамы алған мамандығы бойынша жұмыс істемейді, деп хабарлайды Astana TV.
Министрлік жұмысшы мамандықтар бойынша кәсіби даярлықты күшейту мақсатында:
- 2025 жылға дейін 100 жаңа кәсіптік стандарт қабылдауды жоспарлап отыр;
- Қазір 864 кәсіптік стандарт бекітілген, олар оқу бағдарламаларын жаңарту негізі болмақ.
Жаңа кәсіптік стандарттар:
-  жасанды интеллект (AI) 
-  ақпараттық технологиялар (IT) 
-  инжиниринг сияқты заманауи салалардағы сұраныстарды ескере отырып әзірленбек. 
Бұл бағытта Еңбек министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен және Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр.
Вице-министр мамандық бойынша жұмыс істемеудің бірқатар себебін атап өтті.
-  талапкер қалаған мамандыққа ҰБТ-дан жеткілікті балл жинай алмай, грантқа түсу мүмкіндігі жоғары басқа мамандықты таңдайды; 
-  оқуды тегін оқу үшін кейде қызықтырмайтын саланы оқуға мәжбүр болады; 
-  кейін еңбек нарығында сұранысқа ие басқа салаға ауысады.