Димаштың әні алғаш рет Мексикадағы Disney радиосында қойылды

  • AstanaTV
  • 29 шілде 2025
  • 143
Фото: жеке мұрағаттан

Димаш Құдайбергеннің «Love’s Not Over Yet» әні алғаш рет әлемдегі ең ірі музыкалық радио брендтердің бірі Radio Disney-дің ротациясына енді, деп хабарлайды Astana TV.

2024 жылдың қыркүйегінде жанкүйерлер X платформасы арқылы жанкүйерлер #DimashRadioDisney хэштегін трендке айналдырған еді.

Нәтижесінде Мексикадағы радиостанцияның жүргізушілері мен продюсерлері Димаштың әндерін бағдарламалау бөліміндегі радиостанцияның әндер тізіміне енгізу туралы ұсыныс жасаған.