Су тасқынынан 30 адам қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 29 шілде 2025
  • 93

Қытай астанасы Бейжіңде толассыз жауын-шашынның салдарынан күшті су тасқыны болды, деп хабарлайды Astana TV

Оқиғадан 30 адам көз жұмып, бірнеше тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткені белгілі болды.

Қазіргі уақытта 80 332 адам эвакуацияланды.

Жағдайдың ушығуына байланысты жергілікті билік төтенше әрекет ету деңгейінің ең жоғарғы сатысын енгізді. Тұрғындарға үйлерінен шықпауға, өзендерге жақындамауға және қауіпті аймақтардан аулақ болуға кеңес берілуде. Ел билігі су тасқынының салдарын жою бойынша шұғыл шаралар қабылдап жатыр.