Енді жұмысқа 5 минут ішінде орналасуға болады

  • AstanaTV
  • 29 шілде 2025
  • 91
Фото: Банки.ру

Қызмет көрсетуге кететін уақыт 3 күннен 5 минутқа дейін қысқарды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұған дейін жұмыс іздеу және жұмысқа орналастыру қызметі азаматтардың дербес әрекеттеріне негізделді. Бос жұмыс орындарын іздеу қолмен жүргізілді, бұл айтарлықтай уақыт пен еңбек шығындарын талап етті", – деді вице-министр. 

Оның айтуынша, қазір жүйе азаматтарға қолмен іздеу қажеттілігін жоя отырып, қолайлы бос орындарды проактивті түрде ұсынады.

Тағы бір мысал – жұмыспен қамту. 

"Бұрын жұмысқа орналасу процесінде әңгімелесу үшін жұмыс берушіге міндетті түрде жеке бару, қағаз құжаттардың толық ұсыну және қағаз түрінде еңбек шартына қол қою талап етілетін. Бүгінгі таңда мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияның арқасында қажетті құжаттардың 90%-дан астамы автоматты түрде электронды түрде қалыптастырылады және тартылады. Еңбек шарты электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы қашықтан жасалады, жеке бару қажеттілігін болдырмайды. Бұл жаңалық 9,5 миллионнан астам еңбекке қабілетті адамды қамтиды және қызмет көрсетуге кететін уақытты 3 күннен 5 минутқа дейін қысқартты", – деді Қаныш Төлеушин.