Өрт 28 шілде күні М.Түймебаев ауылындағы кәсіпорынның асханасынан шыққан, деп хабарлайды Astana TV.
Қызыл жалын 450 шаршы метр аумақты шарпыған. Оны сөндіруге 42 маман мен 14 техника жұмылдырылған.
«Газ-түтіннен қорғау қызметінің бөлімшесі ер адамның мәйітін тапты. Ашық жалынды өшіруге 42 маман мен 14 техника жұмылдырылды. Жақын маңдағы нысандарға оттың таралуына жол берілмеді», — деп хабарлады Алматы облысы ТЖД.
Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.