Германияның Берлин қаласында босқын мәртебесіне ие азаматтардың отбасын біріктіру бағдарламасы ресми түрде тоқтатылды, деп хабарлайды Astana TV.
Бұл шешім Сирия, Ауғанстан және Ирак сияқты елдерден келген босқындардың туыстарының Германияға келу мүмкіндігін шектейді. Бұған дейін Германияда босқын мәртебесін алған азаматтар өздерінің жақын туыстарын елге шақырып, оларды арнайы бағдарлама арқылы қабылдай алатын. 2018 жылдан бері Берлинге осы бағдарлама аясында 4 мыңнан астам адам қоныс аударған.
Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, босқындардың туыстарын баспанамен қамту, медициналық көмек және әлеуметтік жәрдемақылар сияқты шығындар қалалық бюджетке ауыр салмақ түсірген.