Алматыда Конституцияның 30 жылдығына орай «Ықпалды Парламент: азаматтардың конституциялық құқықтары» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, құқықтанушылар, сарапшылар мен белсенді жастар қатысты. Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиында заң үстемдігі, құқықтық мемлекет қағидаттары және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
ЗӘУРЕШ АМАНЖОЛОВА, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:
30 жылда әрине көп істер атқарылды. Конститутцияға қаншама өзгерістер енгізілді. Әрине көш жүре теңеледі дейді халқымыз.Адам баласы осы біз қалыптасып келе жатқан кезде қандай бір ерекшеліктер керек, қандай бір өзгерістер керек соны конституцияға енгізу ол әрине парламент арқылы жасалынатын нәрсе.
Дөңгелек үстел аясында қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық жүйесі мен құқықтық реформаларының эволюциясына баға беріп, конституциялық құндылықтарды жаңаша көзқараспен зерделеді. Бұл – ел ішіндегі құқықтық мәдениетті дамытудың нақты бастамасы.
АЙДАР ЕСЕНБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Ата заңымыздың арқасында біз осы уақытқа дейін тұрақты дамуға қол жеткізіп отырмыз. Азаматтардың әлеуметтік, экономикалық жетістіктердің барлығы осы заңның арқасында. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етіліп отыр. Сондықтан ата заңымыздың мәні өте зор.
Парламент – азамат пен мемлекеттің арасындағы көпір ғана емес, әділет пен теңдіктің тірегі. Конституцияның әр жолында ел болашағы, әр бабында халық тағдыры бар. Ата Заңға деген құрмет – ертеңге деген сенім. Конституцияның 30 жылдығы – тек өткенге көз жүгірту емес, болашаққа бағдар.