Батыс Қазақстан облысындағы екі ауылда дәрігерлік амбулатория ашылды

Батыс Қазақстан облысына қарасты Бірлік пен Қырқопа ауылында екі жаңа денсаулық сақтау нысаны ашылды. Жаңақала ауданындағы дәрігерлік бекеттердің құрылысы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысында жүзеге асты. Халық игілігіне берілген амбулатория мен фельдшерлік-акушерлік пункттің іргетасы былтыр қаланған. Заманауи ғимараттар құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Әр ғимарат мамандандырылған бөлмелермен қамтылып, автономды жылу жүйесіне қосылған. Жылпы өңірде биыл сала бойынша 50 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған. 

АФИЗА СЕМҒАЛИЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалпы сайлаунауқына кезінде берілген уәделердің, халықтың аманатының орындалуының бүгін көрінісін көріп отырмыз. Осындай заманауи талапқа сәйкес, медициналық нысандар ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайту бағытындағы жасалған салмақты қадамдардың бірі деп білеміз.