Павлодарда Абайдың қара сөздері топтастырылған аудио жинақтың тұсауы кесілді

Павлодарда Абай Құнанбайұлының қара сөздері  топтастырылған аудио жинақтың тұсауы кесілді. Жоба авторы - AMANAT партиясының белсендісі, журналист Елдос Төлеубаев.  Ол Абайдың әр сөзін жүрегінен өткізе отырып,  дыбыстап шыққан. Бұл  оның бала күнгі арманы болса керек.  Мерейтой қарсаңында  ұлы ақынның тойына тәбәрік ретінде аудиокітап шығаруды қолға алған. Жобаның жүзеге асуына «AMANAT» партиясының  облыстық филиалы  мұрындық болған.  Айналасы 2 айдың ішінде Абайдың түгел қара сөзі  дыбысталып, тыңдарманға жол таратты. Алдағы уақытта Абай мұрасын өңірлік радио мен әдеби порталдардан тыңдауға болады.

ЕЛДОС ТӨЛЕУБАЕВ, ЖУРНАЛИСТ:

Мектеп қабырғасында оқып жүргенде Абай Құнанбайұлының оқуларына қатысқан едім. Сол кезде дайындық кезінде ұстазым маған касетада жазылған Нұрлан Өнербаевтың  жазбасын берді. Сол кезде маған мынандай бір ой келді. Неге менде осылай жазбасқа, менің де арманым менің де дауысымды кейінгі ұрпақ дайындалса екен деген сияқты арман болды. Сол арманымды ешкімге тіс жарған жоқпын. Бірақ, 180 жылдықтың аясында осы арманым жүзеге асты.