Павлодарда бүйрегін сатпақ болғандар ұсталды

Павлодарда бүйрегін сатпақ болғандар ұсталды. Көрші елдің азаматы Қазақстанға арнайы келіп, ақшаның бір бөлігін алу кезінде қолға түскен. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қолданастағы заңнама бойынша адам ағзасын сатуға, сатып алуға болмайды. Осы үшін қылмыстық жауапгершілік қарастырылған.

БОЛАТ НҰРСЕЙІТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Адам ағзалары мен тіндерін заңсыз сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.