Қазақстандықтар бір ай ішінде банктерден тағы 500 млрд теңге қарыз алған. Оның ішінде тұтынушылық несие 2,6 пайызға, ипотекалық несие 1,3 пайызға артқан. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады. Жалпы жыл басынан бері халықтың алған кредиті 9,1 пайыз өскен. Есесіне, халықтың 90 күннен бері қайтара алмай жүрген несиесі 1 трлн теңгеге жақындады. Оның ішінде бизнес кредиттердің басымдығы – 2,2%-ға жеткен. Бұдан бөлек, жұрттың банкте 23,5 трлн теңге депозиті жатыр. Көрсеткіш соңғы бір айда 2,4 есе артқан
Қазақстандықтар бір ай ішінде банктерден тағы 500 млрд теңге қарыз алған:
Тұтынушылық несие 2,6%-ға артқан
Ипотекалық несие 1,3%-ға артқан
Жалпы жыл басынан бері халықтың алған кредиті 9,1% өскен