Жамбылда жастар арасында атыс болып, төрт адам ауыр жараланды. Қарулы қақтығыс Мойынқұм ауданында болған. Жарақаттанған жігіттердің бірінің жағдай ауыр дейді дәрігерлер. Резеңке оқ оның басына, кеуде қуысына және білегіне тиген. Жамбасы бірнеше жерден тесілген. Сыртқа қан кету салдарынан науқас 2 дәрежелі травматикалық шок алған дейді.
БАҒЛАН ЖҮНІСБЕКОВ, МОЙЫНҚҰМ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
Мойынқұм аудандық орталық ауруханасына әр түрлі дене жарақатымен 4 науқас түсті. Басынан атылған жарақаты, денесінен, қолынан бірнеше жерден атылған. Оң жақ, сол жақ жамбастарынан пышақ жарақатын алған. Бұл науқастардың барлығына клиникалық хаттамаға сәйкес, медециналық көмек көрсетіліп. Қазіргі таңда жансақтау бөлімінен хирургия бөлімшесіне ауыстырылды.
Тергеуге кіріскен тәртіп сақшылары оқ травматикалық қарудан атылғанын айтады. Осы оқиғаға қатысы бар 2 адамға күдікті ретінде іздеу жарияланды. Олар оқ жаудырып, қашып кеткен. Тексере келе ізін суытқандар Алматы қаласының 26 және 28 жастағы тұрғындары екені анықталды. Суық қару ұстағандарды ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Оқиғаның себебі әзірге белгісіз.
ҚҰНДЫЗ БӨГЕНБАЕВА, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 24 бабы, 3 бөлігі. 99 бабы, 2 бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.