Павлодарда анасы екі бірдей баласын 5-қабаттың терезесінен лақтырып жіберді

Павлодарда  анасы екі бірдей баласын 5-қабаттың терезесінен лақтырып жіберді. Артынша өзі де секіріп кеткен.  Абырой болғанда, үшеуі де тірі қалды. Бірақ, жағдайлары өте ауыр. Дәрігерлер екі бала мен анасы да жансақтау бөлімінде қажетті ем-дом алып жатқанын жеткізді. Полицияның дерегінше, анасы денсаулығына байланысты арнайы есепте тұрыпты. Сол себепті де осындай қадамға баруы мүмкін болжам айтылды. Ал балалардың үлкені 5-те, кішісі 1 жарым жаста.

БОЛАТ НҰРСЕЙІТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Кісі өлтіру мен суицидке оқталу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел мамандандырылған медициналық мекемеде есепте тұрады.