Жеңілдетілген несие беріледі

ҚР АШМ Аграрлық несие корпорациясымен бірлесіп бордақылау алаңдарына жеңілдетілген несие беру бағдарламасын іске қосты

2025 жылға қаржыландырудың жалпы көлемі шамамен 50 млрд теңгені құрайды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдетілген шарттармен несие беру арқылы ірі қара және ұсақ мал бордақылау алаңдарын қолдау.