Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Дженнифер Лопесті тасымалдаған ұшақты қарсы алды. Әнші жоспарланған концертті өткізу мақсатында елордаға ұшып келді, хабарлайды Astana TV.
Айта кетейік, Қазақстанға Дженнифер Лопес келеді дегенде билеттер 4,5 сағатта сатылып кетті. Ал концерке келетін шетелдіктердің саны 15 000-нан астам екен.