Шығыс Қазақстан облысында жаппай ішек инфекциясы тіркелді. Індет Өскемендегі қоғамдық тамақтану орнында өткен шарадан кейін тараған, хабарлайды Astana TV ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
2025 жылғы 29 шілдеде науқастарда жүрек айну, құсу, іш өту, дене қызуы сынды гастроэнтерит белгілері байқалды. Бірнеше адам ауруханаға жатқызылып, қалғандары амбулаториялық ем алуда. Санитарлық қызмет эпидемиологиялық зерттеу жүргізіп жатыр. Ауырғандардың жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ.