Қостанайда Толстой көшесіндегі пәтерлердің бірінде ер адамның мәйіті табылды. Белгілі болғандай, марқұм ол үйде тұрмаған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам пәтерге баса-көктеп кіріп, ондағы баланы ауыр жарақаттап, кейін өзіне-өзі қол жұмсаған. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Полиция кәмелетке толмаған адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру және мәйітті табу фактісі бойынша сотқа дейінгі екі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.