Байден: «Трамп келгелі Американың басына қара бұлт үйірілді».

Трамп Американың басына үйірілген қара бұлт. Бұрынғы Президент Джо Байден осылай деді. Алдыңғы Ақ үй басшысының айтуынша, ел тарихында Трамптай сауатсыз әрі надан Президент болмаған. 4 жылда нендей былық жасап үлгернетінін бір Құдай біледі, - дейді Байден.

ДЖО БАЙДЕН, АҚШ ЭКС-ПРЕЗИДЕНТІ:

Әр адамның өмірінде жақсы, қуанышқа толы сәттер болады. Бірақ, қазір, елімізде заңды жүрген мигранттарды отбасынан және жалғыз үйінен айырғанда, кейбір басылымдар мен өзге ұйымдарға билік қысым жасағанда мен бір нәрсені түсіндім. Американың басына қара бұлт үйірілді. Ол – Трамп.

Трамп болса, Ресейге қарсы жақын арада санкция салатынын тағы бір қайталады. Ал, Украинадағы соғысқа Байденнің өзін кінәлап отыр. Сондай-ақ, Президент бұл соғысты өз қолыммен тоқтату туралы ойымнан ешқашан айнымаймын, - деп ағынан жарылды.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

8-і тамызда Путин соғысты аяқтамаса, өзінен көрсін. Өкінеді. Қазір, біз Украинаға үлкен көмек көрсетіп жатырмыз. Бірақ, байденнің кезіндегідей бұған біздің ақша кетпейді. НАТО, атап айтсақ, Еуропа елдері төлейді. Біз нақты бір тарапқа одақтас бола алмаймыз.

Трамп, Ақ үйге жөндеу жұмыстарын жасамақ. Жаңбыр немесе қар жауса, аяқ алып жүру қиын, - дейді АҚШ Президенті. Осымен 46 Президент отырған резиденцияда Трамп Балл залын салмақ. Оған 200 млн доллар кетеді деп жоспарлануда.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен деген құрылыстың атасымын. Құрылыс десе, ішкен асымды жерге қоямын. Бұл балла залы келешек әкімшіліктер мен қонақтардың көзайымына айналады. Менен бір сыйлық болсын. Бірақ, бюджеттен бір тиын да бөлінбейді. Барлығы жеке демеушілердің қаржысына салынады.

Трамп әкімшілігі Палестинаға қарсы болғаны сонша, тәуелсіздігіне қарсылықпен қарап қалмады. Палестина басшылығына түгелдей санкция салған. Бұл туралы ресми түрде Біріккен Ұлттар Ұйымының отырысында мәлімдеген.