Ұлттық статистика бюросының ресми дерегіне сәйкес былтыр елдің ЖІӨ 5% дейін артты. Экономикалық өсімді көбінесе мұнайға жатпайтын сектордың дамуы қамтамасыз етіп отыр. Тауар өндірісі 6,3%-ке артып, қызмет көрсету секторы 4,6%-ке дейін жетті. Негізгі фактордың бірі ретінде өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін атап өтуге болады (6,8%). Бұл 2011 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Ал құрылыс секторы 15,3%, ауыл шаруашылығы 13,7%-ті көрсетіп отыр. Сондай-ақ ішкі сауда көлемі 8,9%-ға, көлік пен қоймалау қызметі 9,4%-ға артты.