Павлодардағы ауыр жағдайдан кейін ауруханаға жеткізілген 1,5 жасар бала 1 тамызда көз жұмды, деп хабарлайды Astana TV.
Қайғылы оқиға 30 шілдеде Павлодарда болды. Әйел 2024 және 2017 жылы туған екі баласын биіктіктен лақтырып жіберген. Зардап шеккендер ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
1 тамызда 1,5 жасар баланың қайтыс болғаны белгілі болды.
"Күндіз, 1 тамызда 2024 жылы туылған баланың жағдайы өте ауыр және тұрақсыз болып қалды. Кешке қарай нашарлау байқалды. Сағат 20:10-да жүрегі тоқтап қалды. Реанимациялық шаралар нәтиже бермеді, 20:40-та биологиялық өлім жарияланды. Өкінішке қарай, баланы құтқару мүмкін болмады", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.