Есіл ауданындағы Қонаев көшесінде орналасқан бизнес - орталықтардың бірінде өрт шықты, хабарлайды Astana TV.
Ғимараттың қаптамасының астындағы жылу оқшаулағыш материалы тұтанды. Жедел жеткен құтқарушылар өрттің таралуына жол бермей, жануды тез арада сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ.