Алакөл көлінде 14 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды

Бүгін Абай облысы ТЖД құтқарушылары патрульдеу барысында жағалаудан 20 км қашықтықтағы аралда қалып қойған 14 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады, хабарлайды Astana TV.

Қайықтың ақаулығы салдарынан топ өз бетінше жағаға шыға алмай жауын-шашын мен бұршақ астында тұруға мәжбүр болды.

Жедел-құтқару жасағының күшімен барлық зардап шеккендер құрлыққа сәтті жеткізілді. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады.