Жол апатынан үш адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды. Қайғылы оқиға Ақмола облысына қарасты Щучинск маңында болған. Астана - Петропавл тасжолының 243-шақырымында Hyundai Elantra мен ВАЗ автокөлігі соқтығысқан. Қаза тапқан отбасы мүшелері ВАЗ көлігінде отырған. Белгілі болғандай, Hyundai Elantra көлігі Астана бағытында келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
ВАЗ-2107 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Ал Hyundai Elantra көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.