Алматыда балалар үйінің екі тәрбиеленушісі үш аптадан бері іздестірілуде

Алматыдағы  №1 балалар үйінің екі тәрбиеленушісі іздестіріліп жатыр. 15 пен 16 жастағы қыздар 18 шілде күні таңертең мекемеден шығып кеткеннен кейін, қайтып оралмаған. Полиция жедел-іздестіру іс-шараларын бастады. Құқық қорғау органдары жасөспірімдердің бұл мекемеден бұған дейін де  бірнеше рет қашып кеткенін мәлімдеді.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты басымдық.

Қазіргі уақытта олардың қайда екенін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізілуде. Айта кетейік, осыған ұқсас жағдайлар бойынша мекеме басшылығымен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары бұған дейін де жүргізілген болатын. Атап айтқанда, тәрбиеленушілерге бақылауды күшейту қажеттігі ескертілген.