Қызылжарда пәтерден өрт шығып, 100ге жуық адам эвакуацияланды

Қызылжарда пәтерден өрт шығып, 100ге жуық адам эвакуацияланды.  Қаланың қақ ортасындағы 9 қабатты үйдің бесінші қабатында өрт шығып, дереу басқа пәтерлерге тарай бастаған. Санаулы минуттың ішінде қара түтін жоғарғы қабаттарды орап алды. Тұрғындардың басым бөлігі баспалдақпен шығып үлгерген.  Алайда, жоғарғы қабат тұрғындарына түтін кедергі болғандықтан, төтенше жағдай мамандары оларды терезеден шығарып алды. Абырой болғанда адам аман. Сала мамандарының алдын ала болжамы бойыншаот темекіден немесе сіріңкеден тұтанған.

АСЛАН АХМЕТЖАНОВ, СҚО ТЖД ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Зардап шеккендер жоқ. Жалпы 97 адам эвакуацияланды. Одан бөлек 29 адам құтқарылды. Олар қауіпті аймақтан автобаспалдақ арқылы шығарылды. Оның жалпы ұзындығы 50 метр.