ШЫҰ мүше елдердің жастар қанаты құрылуы мүмкін

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің жастар қанаты құрылуы мүмкін. Шығыс Қазақстанда бас қосқан бірлестіктің жас көшбасшылары осындай бастама көтерді. Форумға қатысушылар бұл қадам ұйымға мүше елдердің жастарын біріктіріп, өзара ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді деп сенеді. Сондай-ақ, жиында жастар саясатын дамыту, мәдени байланыстарды нығайту, экологиялық қауіпсіздік пен зиянды әдеттердің алдын алу жолдары талқыланды. «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының мүшесі Жансая Қуанышбекова, бұл алаң  пікір алмасып, бір-бірін жақынырақ тануға, құнды тәжірибе алмасуға мүмкіндік бергенін айтады. 

ЖАНСАЯ ҚУАНЫШБЕКОВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ЖОБАЛАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

"Таза Қазақстан" акциясы аясындағы ірі экологиялық акцияларымыз, вандализммен күрес, жұмысшы жастарды қолдау, сонымен қатар цифрлық қоғам, киберқауіпсіздік, интернет алаяқтармен күресу секілді өзіміздің тәжірибелерімізбен ШЫҰ жастарымен бөлістік. Басқа мемлекеттерде өз тәжірибесімен, мәдениетімен бөлісіп жатыр.