Елордада "Заң және тәртіп" қағидаты аясында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша оқыту семинары өтті. Оған "AMANAT" партиясы мен Қаржы мониторинг агенттігі, Ішкі істер министрлігі, сондай-ақ Астана қалалық әкімдігі ұйытқы болды. Семинар барысында қатысушыларға интернет-алаяқтықтың белгілері мен тәуекелдері, қаржы пирамидаларының қызметі, сондай-ақ алаяқтармен кездескен кезде қабылданатын шаралар туралы баяндалды.
АНДРЕЙ ДАВЫДОВ, ҚР ҚМА БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Негізгі аудитория зейнеткерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ "Қарызсыз қоғам" жобасының қатысушылары болды. Іс-шараға 1000-ға жуық адам қатысты. Мұндай іс-шаралар жалғасады. Біз тоқтамаймыз және әрі қарай жүреміз.