Петропавлда жас жігіт полиция ғимаратында жұмбақ жағдайда көз жұмды

Петропавлда 29 жастағы адам полиция ғимаратында көз жұмды. Ол құқық бұзушылық жасағаны үшін  ұсталған. Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті  ер адамның қайтыс болу   фактісін растады. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы толық, жан-жақты және объективті зерттеліп  жатқанын жеткізді. Жігіттің өзіне қол жұмсауына не себеп болғаны әзірге белгісіз.  Қызметтік тексеріс аясында полиция қызметкерлерінің тарапынан заң бұзу фактісі анықталған жоқ. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деп  хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.