Әлеуметтік желіде терроризмді насихаттаған қызылордалық тұрғын 7 жылға сотталды. Қалалық №2 сотының мәліметінше, ол «Tik-Tok» платформасы арқылы теріс ағымды насихаттап, жария түрде діни алауыздықты қоздырған. Түрлі аудио және бейнежазалар таратқан. 39 жастағы әйел кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылды.