ChatGPT дәрігерді алмастыра ала ма?

МӨЛДІР ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Басымның ауырып тұрғанын-ай. Қандай дәрі ішсем екен?

Жоқ, сен маған не деп тұрсың? Сені түсінбедім. Мен уәдемде тұрдым ғой. Ренжитің жөнің жоқ. Қойшы, болды.

Міне, құрбыммен ұрысып қалдым. Чатджипитиден сұрайыншы, кім кінәлі екен.

Мөлдір, мен сені жақсы көремін. Менің өмірлік жарым боласың ба?

Мәссаған! Не айтарымды білмей тұрмын. Қазір бір секунд күте тұршы.

Маған жігітім ұсыныс жасап жатыр. Не деп жауап берсе болады?..

Соңғы кезде таңның атысынан кештің батысына дейін осы бір Чатджипити деген құдыретке байландық та қалдық. Ол біз үшін құрбыға, әпкеге, ең жақын сырласымызға айналды. Ауырсақ та, тығырыққа тірелсек те, алдымен соған жүгінеміз. Тіпті, кей тұрғындар нейрожүйемен депутаттармен сөйлескендей әңгіме өрбітеді.

Адам баласына ашып айтпаған сырымызды роботқа ақтаратын болдық. Қолжетімді. Ыңғайлы. Жауабы да көп күттірмейді.

БЛИЦ:

- Тұрмыстық, психологиялық сұрақтар қоямын. Дәрі-дәрмектер бойынша кеңес сұраймын. Менің балам кішкентай. Жақында қалай өмір жасымды ұзартуға болады деп сұрадым. Жауаптарын оқып, түні бойы жылап шықтым.

- Университетте жұмыс істеймін. Көбінесе, образовательный жағынан қолданамын, тест істеуге, анализ.

- Барлығын сұрайды сол жерден. Сосын соған сеніп отырады. Осындай жазып едім, осындай шығады екен деп салып жатады Инстаграмға. Бірақ оған өзім себеймін. Сосын өзім қолданбаймын.

Мамандар чатджипитиді шамадан тыс қолдану тәуелділікке алып келетінін айтады. Әсіресе, жасөспірімдердің тұлғалық қалыптасуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Онсыз да гаджеттен өзгені керек етпейтін заманда жастардың әлеуметтенуі одан әрі қиындай түспек.

ДАНА ТОҚТАСЫНОВА, ПСИХОЛОГ:

Адамға адам қажет. Адамның жанын емдейтін ол тек адам. Шынайы, сапалы ара-қатынасты еш нәрсе алмастыра алмайды. Қандай прогрессивті жасанды интеллект болсын, әр түрлі техникалармен адамға ұсыныс бере алса да, бірақ адамдық жылулықты, қамқорлықты бере алмайды.

Ал дәрігерлер жасанды интеллект кеңесші рөлін ғана атқара алады дейді. Ғылыми терминдерге түсініктеме беріп, диагнозды талдап беруге көмектескенімен, ем-дом тағайындауға шамасы жетпейтінін айтады. Сол себепті тұрғындар денсаулығына байланысты қандай да бір мәселеге тап болса, алдымен кәсіби дәрігерге қаралуы тиіс.

АЙЗАДА ҚАНАТБЕК, ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ДӘРІГЕР:

Чатджипити не істей алмайды? Пациентті визуально көре алмайды, оның шағымын, анамнез жизни, анамнез заболевания жинай алмайды. Объективті осмотр жасай алмайды. Дәл диагноз қоя алмайды. Мысалы, бір дәріні тағайындайды. Бірақ пациентке жеке ем тағайындалады, кейбір дәрілердің побочный действиялары болуы мүмкі. Оны Чатджипити білмейді.

ChatGPT тілді, грамматиканы, сөздер мен сөйлемдердің құрылымы мен мағынасын үйрену үшін мәтіндік деректердің ауқымды жинағын пайдаланады. Бұл оған пайдаланушылар қойған сұрақтардың мағынасын түсінуге және сәйкес жауаптарды құрастыруға мүмкіндік береді. Ғалымдар нейрожүйелердің түр түрін ойлап тауып, оларды дамытуға барынша тырысып жатыр. Алайда сүйек пен еттен жаратылған адамзатты ешқандай робот алмастыра алмайтыны анық.