Трамп Үндістанға салынған тарифтерді екі еселендірді. Осыған қарағанда ресми Нью-Дели Ресейден мұнай сатып алуын тоқтатпаған секілді. Екі апта бұрын осылай болатынын Трамп ескерткен еді. Бұған да көнбесе, тіпті, 100 пайызға да қарыштатып жіберуі ғажап емес. Оған қоса, АҚШ Президенті бүкіл әлемдегі Америкаға микро-чип экспорттайтын елдерге 100 пайыздық тариф енгізіп отыр.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Жартылай өткізгіштер мен чиптерге 100 пайыздық тариф енгіздім. Бірақ, өндірістерін біздің елге көшірсе, толықтай алып тастаймын. Бірақ, зауыт құрылысын бастаса да, толыққанды жеңілдік жасаймын. Өйткені, қарапайым америкалықтарға жұмыс орны ашылады. Бұндайды құптаймын.
Трамп ақыры Путинмен кездесетін секілді. АҚШ Президентінің айтуынша, ресейлік әріптесі көпшілік талаптарға ақыры мойынсұнды. Бұл туралы Трамп, өзінің ресми өкілі Стив Уиткоффты Путин қабылдап болғаннан кейін мәлімдеді. Сонымен қатар, Зеленскийді қосқанда үшжақты кездесу болады. Өз кезегінде, Украина Президенті әркез дайын екендігін мәлімдеді.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Бүгін менің өкілім Стив Уиткофф Путинмен жақсы келіссөздер жүргізді. Оныме келесі аптада кездесемін. Бірақ, біз бір талабымыз барын ескерттік. Ол – үшжақты саммит. Бірақ, дәл қазір адам өлімін, осы сұрапыл соғысты тоқтататындай келіссөз деңгейіне әлі жеткен жоқпыз. Жақын арада жете алатынымызға да сене қоймаймын.
2028-і жылғы жазғы Олимпиада ойындарының ұйымдастырылуын да Трамп өз мойнына алды. Төртжылдықтың басты спорттық додасындағы қауіпсіздік пен өзге шараларды қамтитын жарлыққа бүгін АҚШ Президенті қол қойды. Трамп, 2029-ы жылға дейін тақта отыратынын ескерсек, басынан аяғына дейін өзі атсалысады.