Қызылордада өрт қауіпсіздігін балаларға үйрету шаралары үздіксіз жүргізіледі. Себебі кішкентайынан бұл туралы білім алу олардың өмірі мен денсаулығы үшін маңызды дейді мамандар. Сондықтан мектеп жасындағы ғана емес, балабақшадағы бүлдіршіндер де мұндай шаралардан тыс қалмайды. Сонымен қатар, ашық есік күні өткізіліп, қауіпсіздік, өрт сөндірушілердің жұмысы туралы толыққанды ақпарат беріледі. Мұндайда ең бірінші қауіпсіз жерге шығу және өрт туралы үлкендерге хабарлаудың, электр құралдарын дұрыс пайдаланудың маңызы туралы түсіндіріледі. Бұл төтенше жағдайда жүйелі әрекет ету дағдысын қалыптастырып қана қоймай, қоғамдағы қауіпсіздік деңгейін арттырады дейді төтеншеліктер.
РАБАТ СӘКЕНҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өрт орын алған кезде қандай іс-әрекеттер жасау керек. Сөндіру, хабарлау деген сияқты. 101, 112 телефон номерлерін балаларға үйрету. Жас кезінен бастап негізгі іс-әрекеттерді сол бойынша жасаймыз. Одан бөлек біз тұрғын үйлерде де іс-шаралар жүргіземіз. Жеке секторларда. Ол да қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі негізгі щаралардың бірі болып табылады.