Қызылжарда Конституцияның 30 жылдығына қызу дайындық жүріп жатыр

Қызылжарда Конституцияның 30 жылдығына дайындық қызу. Жергілікті өлкетану мұражайы ірі көрме ұйымдастыруды қолға алған. Онда Ата Заңның  алғашқы нұсқалары көрсетілмек. Конс­титуцияның ел өмірінің барлық саласында тура жол сілтеп, кемел­денудің алтын арқауына айналғанын өмірдің өзі айқын дәлелдеп отыр. Шара ұйымдастырушылары Қазақстан азаматтарының құқықтарына да жіті тоқталуды көздейді. Ата-Заң апталығы тамыздың 23- күні басталмақ.

АЙСҰЛУ СӘРСЕНОВА, СҚО ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ МАМАНЫ:

Конституция күні біз үшін маңызды. Біз Ата-Заң апталығы аясында көрме ұйымдастырып, музей апталығын өткіземіз. Мәселен, мектеп оқушылары мен студентерді шақыртып, олардың құқықтарын егжей-тегжейлі түсіндіреміз. Қазірдің өзінде 20ға жуық оқу орны ынта білдіріп отыр.