Алматылық жастар белгілі абайтанушы Жабал Шойынбетпен кездесті

Алматыда Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған танымдық іс-шаралар легі жалғасуда. Бұл жолы өскелең ұрпақ Абай Ұлттық педагогикалық университетінің қабырғасында белгілі абайтанушы Жабал Шойынбетпен кездесті. Олар ағартушының мұрасымен тереңірек танысып, Абай мұражайындағы құнды жәдігерлерге куә болды. Шараға «AMANAT» партиясының қалалық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері атсалысты.

ЖАБАЛ ШОЙЫНБЕТ, АБАЙТАНУШЫ:

Абай - ол біркүндік науқан емес. Абай бүкіл қазақтың, қазақ халқының, бүкіл түрік халқының байлығын, адамзаттық құндылығын бойына сіңірген адам. Өзінің алдындағылардың өнегесін алған. Қорқыт, Фараби, Яссауи, Баласағұн, соңғы Дулатиге дейін ұлттық құндылығымызды бойына сіңіріп, оны бізге қайта беріп отыр.