Құрылысшылар күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сала мамандары мен ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, мемлекеттік наградалар табыс етті. Биыл алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» құрметті атағы табысталды. Ол құрылыс саласының ардагері Қайсар Омаровқа берілді. Құрылыс секторының қызметкерлері Мемлекет басшысына олардың еңбегін жоғары бағалап, жұмысшы мамандықтарын дамытуға көңіл бөлгені үшін алғыс білдірді.
ҚАЙСАР ОМАРОВ, ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:
Мереке қарсаңында Мемлекет басшысына "Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы" атағы қайтадан мемлекеттік наградаға айналғаны үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Бұл бізге, құрылысшыларға деген ерекше құрмет.