ҚР Бас прокуратурасының сұрауымен ұсталған азамат тергеу изоляторына қамалды
Қазақстан азаматы кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін Ресей Федерациясынан экстрадицияланды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады.
Тергеу дерегінше, 2024 жылдың қарашасында күдікті жасөспірімнің пәтеріне келіп, оның жасы мен психикалық ауруы бар екенін біле тұра, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған.
Қылмыстан кейін ол Қазақстан аумағынан кетіп қалып, халықаралық іздеуге жарияланды. Өткен жылы Ресейдің Челябі облысында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға қайтарылды.
Қазір күдікті тергеу изоляторында қамауда. Айыпталған іс-әрекет үшін белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.