Астана тұрғындары Абайдың өлеңдерін жатқа оқыды

МӨЛДІР ЖАҚАН, ТІЛШІ:  

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап...

Абай мұрасы ұлтымыздың рухани байлығына айналды. Көрнекті ойшылдың шығармалары жүректі тебірентпей қоймайды. Қазір қала тұрғындарынан қазақтың бас ақынының қандай өлеңдерін жатқа білетінін сұрап көрейік.

БЛИЦ:

-  Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба...

- Тамаша! Абай жайлы тағы қандай деректер білесіз? Қай жерде, қай жылы дүниеге келген?

- 1845 жылы, Семей өңірінде. Қайтыс болған жылы - 1904 жыл.

Ақ киімді денелі, ақ сақалды.

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

Үсті басы ақ қырау, түсі суық.

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Тілші: Неше жасында болыс болды?

Тұрғын: 40 жасында деп ойлаймын.

Тілші: 21 жасында. Енді білетін боласыз, иә?

 

Абайдың қанша қара сөзі бар?

Тұрғын: 40.

Тілші: Жоқ, бірақ соған жақын.

Тұрғын: 45.

 

Абайдың шын есімі қалай?

Ибраһим. Әкесі – Құнанбай. Әжесі – Зере.

 

Абайдың ақын, жазушылықтан бөлек, композиторлық қабілеті де болғанын білесіздер ме? «Желсіз түнде жарық айды» бірге орындайық?

МӨЛДІР ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған. Абайдың асыл мұрасын ұлықтап, дәріптейтін адамдар барда ұлы ақын халқымен мәңгі бірге жасамақ.