Ашық аспан астында Абай өлеңдері оқылып, әндері шырқалды

Абай Құнанбайұлының туған күніне орай елордада рухани шара өтті. Ашық аспан астында ұйымдастырылған дәстүрлі “Домбыра party” кешінде қала тұрғындары мен қонақтары қазақтың төл өнеріне сусындап, Абай мұрасына терең бойлады. Сондай-ақ шарада ашық микрофон айдары  болды. Бұл бастама арқылы көрерменнің өзі де сахна төріне шығып, ақын шығармаларын нақышына келтіре оқып, ән айтуға мүмкіндік алды.

АХМЕТФАИЗ МҰҚАШЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Өте қолдаймын, осындай іс-шараларды. Себебі, ол - рухани жағынан қатты мықты дамытады. Сомен қазір, әр домбырашылардың күйлерін естіп, Абай Құнанбаевтың 180 жылдғына арнаған өлеңдерін, поэзияларын тыңдап жатырмыз.

КЕНЖЕГҮЛ ТАЙҒАРА, ШАРАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Әлемге белгілі Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай керемет осындай рухани кеш ұйымдастырылып жатыр. Яғни, бұл кешті тыс қалдырмаймыз. Себебі, Абайдың қаншама өлеңдері, әндерін осылай халыққа насихаттап, жаз мезгілінде халыққа рухани кеш сыйлау мақсатында.