Қазақстан техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін интернационалдандыруды күшейтуде

Қазақстан техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін интернационалдандыруды күшейтіп жатыр. Яғни, елімізде кадрларды даярлау сапасын арттыру және отандық колледждерді жаһандық білім беру жүйесіне енгізу бойынша жұмыстар қолға алынған. Бұл бағытта қазір10 негізгі халықаралық бастама іске асырылып жатыр. Бүгінде Қытай, Оңтүстік Корея, Франция, Түркия, Жапония, Ұлыбритания, Грузия және Ресей сияқты 8 елдің серіктестерімен 50-ден астам меморандум жасалған. Бұдан бөлек, халықаралық жобаларға Алматы, Астана, Шымкент, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл және Маңғыстау облыстарынан 20-дан астам колледж қатысуда.