Ең жоғары өсім көлік, құрылыс және сауда салаларында тіркелді
Ұлттық статистика бюросының алдын ала мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар–шілде айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,3%-ға артты. Бұл туралы Экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тауар өндіру көлемі 8,3%, қызмет көрсету саласы 5,2% өскен. Экономикалық серпінділіктің негізгі драйверлері көлік, құрылыс және сауда болып отыр. Өнеркәсіп өндірісі 6,9%-ға ұлғайды.
Салалар бойынша өсім көрсеткіштері:
-
Көлік және қойма – +22,5% (жүк тасымалы көлемінің артуына байланысты)
-
Құрылыс – +18,5% (мектептер, жолдар және инфрақұрылым нысандары құрылысы есебінен)
-
Сауда – +8,6%
-
Тау-кен өнеркәсібі – +8,5%
-
Өңдеу өнеркәсібі – +6,1% (машина жасау, азық-түлік және мұнай өнімдері өндірісі)
-
Ауыл шаруашылығы – +3,7% (мал шаруашылығы +3,4%).
Үкімет экономикалық өсімді сақтау үшін әртараптандыру және инвестициялық белсенділікті қолдауға бағытталған шараларды жалғастыруда.