Шара медицина қызметкерлері мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған
Денсаулық сақтау министрлігі мен аумақтық полиция департаменттері бірлесіп, республика бойынша медициналық ұйымдарда тәулік бойы қызмет атқаратын 152 полиция постын іске қосты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Полиция посттары келесі мекемелерде орналасқан:
-
қалалық стационарларда – 30;
-
облыстық стационарларда – 10;
-
балалар стационарларында – 12;
-
перинаталдық орталықтарда – 5;
-
аудандық орталық ауруханаларда – 48;
-
аудандық ауруханаларда – 23.
Министрліктің мәліметінше, бұл қадам оқиғаларға жедел әрекет етуге, шиеленістердің алдын алуға және медицина қызметкерлері мен пациенттердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Шара соңғы уақытта медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау деректерінің жиілеуіне байланысты қабылданды. Бұған дейін Мемлекет басшысы қызметтік міндетін атқару кезінде медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын.