Абайдың құрметіне 23 елде ескерткіш орнатылған

Хакім Абайды исі қазақ қана емес, шет елдер де ұлықтап, шығармашылығын жоғары бағалайды. Әйгілі ағартушының құрметіне әлемнің 23 елінде ескерткіш, бюст және монументтер орнатылған. Атап айтқанда, Әзербайжан, Босния және Герцеговина, Болгария, Бразилия, Мажарстан, Германия, Грузия, Мысыр, Иран, Индия, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Татарстан, Румыния, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Франция, Швейцария және Оңтүстік Кореяда Абай Құнанбайұлының ескерткіші бар.