Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында демалыс орындары қайта жаңғыртылды

Қызылорда облысы Қазалы ауданында "Таза Қазақстан" акциясы аясында халық көп шоғырланатын демалыс орындарын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл кентте мәдени-демалыс кешені қайта жаңғыртудан өткізіліп, көпшіліктің көзайымына айналды. Кешен аумағында «Құрметті азаматтар» тақтасы, шахмат және теннис үстелдері, велосипед жолақтары, «Даңқ», «Тағзым», «Киелі қазақ елі», «Ғашықтар» аллеялары, спорттық алаңдар және балалар ойын алаңдары орнатылған.  Кешен аумағын көгалдандыру аясында 20 мыңға жуық ағаш көшеттері егілді.

МҰРАТ ӘБСҰЛТАНОВ, ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Екінші кезеңге енді «Тағзым алаңына» барлық қазақ хандығынан бастап, барлық өткен тарихи тұлғалардың барлығына ескерткіштер, монументтер қойылды. Оның үстіне Киелі қазақ еліне, барлық Қазақстанның картасы түсіп, тарихи ескерткіштердің барлығына кюар кодпен қойылып+ демалыс саябағына келушілер көбеюде.