Павлодарда 19 адам әлі күнге дейін КСРО құжатымен жүр

Павлодарда 19 адам әлі күнге дейін КСРО құжатымен өмір сүріп келген. Көші-қон қызметі  тұрғындарды тексеру барысында  ескі куәлікпен жүргендерді анықтады. Полицияның айтуынша, бұл адамдар бала кезінде Қазақстанға көшіп келген. Бірақ, уақытылы құжатын ауыстырмаған.  Сол себепті олар Қазақстан азаматы ретінде жәрдемақы алу құқығынан айырылған. Бұдан бөлек мемлекеттік қызметтерді ала алмапты. Сондықтан көші-қон қызметі тұрғындарға ескі құжаттарды  ауыстыруды сұрайды.